29.07.2008, 13:13 1347

Душанбеге ертең Ресейдің қорғаныс мекемесінің басшысы келеді

Душанбеге ертең Ресейдің қорғаныс мекемесінің басшысы келеді

Душанбе. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеге ертең Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Анатолий Сердюков келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпаратық агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей қорғаныс министрі бір күндік сапары барысында Тәжікстанның Қарулы күштеріне арнап РФ Қорғаныс министрлігінің оқу орындарында мамандар дайындау жайын және екі елдің әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығының келешегін талқылау үшін өзінің тәжік әріптесімен кездеседі.

Душанбеге сапары барысында А. Сердюков бұған қоса Тәжікстандағы Ресейдің 201-ші әскери базасында болмақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны