21.02.2008, 18:17 3390

Дженерал Электрик Қазақстанда транспорт және энергетика саласында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда

Дженерал Электрик Қазақстанда транспорт және энергетика саласында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Дженерал Электрик Қазақстанда транспорт және энергетика саласында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Бұл туралы бүгін Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін "Дженерал Электрик" компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Фердинандо Беккали мәлім етті, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында "Дженерал Электрик" компаниясының Қазақстанда жүзеге асыруға ниеттеніп отырған бағдарламалары талқыланды.

"Біз биылғы жылы 200 электровозды жаңғыртып, жылына 100 электровоз құрастыратын кәсіпорын салатын боламыз. Біз "Дженерал Электрик" көп қырлы компаниясының серіктесіне айналып отырғанымызға қуаныштымыз", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Фердинанд Беккалли журналистерге арналған брифингте:

"Компания Қазақстанның локомотив паркін жаңғырту бойынша нақты көмек көрсетуге ниетті, және жаңа локомотивтер шығару жөніндегі технологияларды жеткізуге әзір. Сонымен бірге, "Эйр Астана" әуе компаниясы қазірдің өзінде авиациялық қозғалтқыштар жеткізу бойынша "Дженерал Электрик" компаниясының тапсырыскері болып табылады. Иуе тасымалының артуын ескере отырып, біз "Эйр Астана" компаниясымен одан әрі ынтымақтастықтың жолдарын қарастырудамыз", - деді.

Компания президенті "Дженерал Электрик" мұнай-газ, электр энергиясы, денсаулық сақтау салаларына арналған жабдықтармен, сондай-ақ суды тазалау мен тұщыландыру құралдарымен қамти алатынын атап өтті.

"Ынтымақтастық бағыттарының тізбесі компания мен Қазақстан Үкіметі қол қойған Өзара түсіністік жөніндегі меморандумда айқындалған. Сондықтан да, біз алға қойған бағыттарды ұстанып, бірлескен қызметтің нақты нәтижелері болуын бақылауға тиіспіз", - деп атап өтті "Дженерал Электрик" компаниясының басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны