22.04.2013, 15:53 3318

Джохар Царнаев түсініктеме беруде

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, күдіктінің тамағы жараланғандықтан әзірге сөйлей алмайды. АҚШ Конгрессі американың арнайы қызметінен терактке байланысты түсініктеме берілуін талап етті. Бірқатар заң шығарушылардың ойынша, күш құрылымдары Ресейдің құзырлы органдарынан ескерту келіп түскеніне қарамастан Тамерлан Цараевты бақылауға алмаған.

Астана. 22-сәуір. Kazakhstan Today - Бостондағы марафон кезінде ағасы Тамерланмен бірге лаңкестік әрекет ұйымдастырды деген күдіктінің бірі Джохар Царнаев есін жинап, жазбаша түрде тергеушілердің сұрақтарына жауап беруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, күдіктінің тамағы жараланғандықтан әзірге сөйлей алмайды. АҚШ Конгрессі американың арнайы қызметінен терактке байланысты түсініктеме берілуін талап етті. Бірқатар заң шығарушылардың ойынша, күш құрылымдары Ресейдің құзырлы органдарынан ескерту келіп түскеніне қарамастан Тамерлан Цараевты бақылауға алмаған.

Бұған дейін ФТБ 2011 жылдың басында шет мемлекеттен күдік туғызған Тамерлан Царнаевқа қатысты сұрау салынғанын мәлімдеген болатын.

Естеріңізге саламыз, 15 сәуірде Бостон марафоны кезінде 12 минуттық интервалмен екі жарылыс болған. Соның салдарынан үш адам қаза тауып, 180-нен астамы жарақат алған. Америка билігі жарылысты 26 жастағы Тамерлан мен 19 жастағы бауыры Джохар ұйымдастырғанын хабарлаған. Тамерлан полициямен қақтығыс кезінде оққа ұшса, Джохар жұма күні арнайы операция барысында ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны