16.10.2012, 17:45 3327

Е.Досаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы құжатты таныстырды

"Саладағы шешімін таппай отырған мәселелерге тоқталсақ, біріншіден - коммерциялық және коммерциялық емес міндеттердің араласып кетуі. Бұл әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация алдында басымдық қоюға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ көптеген корпорациялардың шығыны көп", - деді министр.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Үкімет қаулысының жобасына қатысты баяндама жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, министр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуындағы бірнеше өзекті проблемаларды атап өтті.

"Саладағы шешімін таппай отырған мәселелерге тоқталсақ, біріншіден - коммерциялық және коммерциялық емес міндеттердің араласып кетуі. Бұл әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация алдында басымдық қоюға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ көптеген корпорациялардың шығыны көп", - деді министр.

Ал Үкімет басшысы Серік Ахметов барлық министрлікке 2014 жылға дейін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметін шығынсыз жұмыс істеу деңгейіне көтеруді тапсырды.

"Жалпы алғанда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары аймақтарда небары 2 жылдан бері ғана жұмыс істеп келеді. Өтпелі кезең 2014 жылға дейін созылады", - деді С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны