03.06.2014, 20:21 3278

Е.Досаев: Венгрия - Қазақстанның Еуропадағы экономикалық әріптесі

ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың Венгрияға ресми сапарына орай экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының 4-інші отырысы өтті.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев бастаған қазақстандық келіссөз делегациясы ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың Венгрияға ресми сапарына орай экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының 4-інші отырысы аясында ынтымақтастық болашағын талқылады.

"Венгрия Қазақстанның сыртқы саясатының шығыс еуропа бағытында үлкен маңызға ие және Қазақстанның Еуропадағы белсенді әрі болашағы зор экономикалық әріптесі болып табылады", - дейді ҚР экономика және бюжеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

Венгрияның ұлттық экономика министрі Михай Варганың айтуынша, Венгрия денсаулық сақтау, энергетика, инновация, туризм мен спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі болып отыр. Венгр кәсіпкерлері Қазақстанның мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға, соның ішінде инвестициялық жобаларға ат салысуға дайын", - деп хабарлайды ҚР Экономика және бюжеттік жоспарлау министрлігі.

Қазақстандық тарап венгрлік әріптестерін мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік және ғылыми орта өкілдерін тарта отырып Венгрлік Республикасы павильонын ашып, Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуға шақырды. Сонымен қатар, тараптар тікелей әуе байланысын қосуды да күн тәртібіне шығарды.

"Біз әуе билігімен келіссөздер жүргізетін болып келістік. Ондағы мақсат алдағы уақытта әуе байланысын қалыпқа келтіру", - дейді ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің төраға орынбасары Талғат Ластаев.

Статистикалық мәлімттерге сүйенсек, екі ел арасындағы сыртқы сауда көлемі 2013 жылы 294,2 млн долларды құрады. Қазақстанның Венгрияға экспорты 63 млн доллар болса, импорт 141,2 млн долларға жеткен.

2005-2013 жылдар аралығында Венгриядан Қазақстан экономикасына инвесиция ағымы 60 млн доллардан асты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны