05.05.2014, 20:34 3757

Е.Ыдырысов: ЭСКАТО-мен ынтымақтастықты бекіте түсеміз

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшылығы орынбасары, БҰҰ Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және Илеуметтік Комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Шамшад Ахтармен кездесті. Онда екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселесі талқыланды.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшылығы орынбасары, БҰҰ Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және Илеуметтік Комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Шамшад Ахтармен кездесті. Онда екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселесі талқыланды.

Қазақстанның ЭСКАТО-мен өзара қатынасының маңызды аспектілерінің бірі Орта Азия елдерінің экономикасына арналған БҰҰ Арнайы бағдарламасын іске асыру болып табылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

"Орта Азия елдерінің экономикасына арналған БҰҰ Арнайы бағдарламасын іске асыру үшін айтарлықтай мәнге ие БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы мен ЭСКАТО бірлескен өткен жылғы Алматыдағы кеңсесінің ашылуын таныстырамыз. Қазақстан біздің өңірде транспорттық инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік беретін нақты жобаларды іске асыру бойынша ЭСКАТО-мен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Қазақстан үшін маңызды міндеттеме тұрақты даму болып табылады. Біз "Жасыл өткел" ынтымақтастық жобасын ілгерілетуде ЭСКАТО-мен әріптестік орнатамыз", - дейді министр.

Тараптар сонымен қатар жаңартылмалы қуат көздері мәселесіне де тоқталды. Қазақстандық дипломатиялық ведомствоның жетекшісі Ш.Ахтарға Қазақстанда жаңартылмалы қуат көздері бойынша іске асырылып жатқан жұмыстарды таныстырып, ЭСКАТО жаңартылмалы энергия саласына үлес қосуға шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны