12.06.2014, 21:34 2387

Е. Ыдырысов француз компанияларын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

Францияға ресми жұмыс сапары барысында сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов француз компанияларын ЭКСПО-2017-ге қатысуға шақырды.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Францияға ресми жұмыс сапары барысында сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов француз компанияларын ЭКСПО-2017-ге қатысуға шақырды.

Сыртқы істер министрлігінен хабарлағандай, Е.Ыдырысов Ж.Одиберге ел экономикасының одан әрі әртараптануы мен жаңаруына, Қазақстанның "жасыл экономикаға" өтуіне зор шабыт беретін Қазақстанның жалпы ұлттық жобасы "ЭКСПО-2017" өткізу құқығы үшін Францияның Астана кандидатурасын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің Тең төрағасы И.-Л. Даррикаррермен сұхбаты барысында ҚР СІМ басшысы қазақстандық-француз экономикалық ынтымақтастығының жоғары деңгейін мен серпін атап өтті. Аталған мәнмәтінде ол Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің басым ролін ерекше атап, бұл алаң болашақта да экономикалық қатынастарды дамыту мен әртараптандытуға мүмкіндік туғызады деген үмітін білдірді.

Қазақстандық дипломат И.-Л. Даррикаррерге елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ҚР Үкіметінің ауқымды жұмысы туралы хабарлады. "Жақын арада индустриалды-инновациялық дамудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, оның шеңберінде біз шетел инвестициялары үшін одан да тиімді жағдай туғызып, бұл Қазақстанда бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады", - деп атап өтті Е.Ыдырысов.

"Жасыл технологияларды" дамыту мен енгізу бойынша Францияның көлемді ғылыми-техникалық деңгейін ескере отырып, ҚР сыртқы саяси мекемесінің басшысы француз компанияларын ЭКСПО-2017 дайындау мен өткізуге белсенді қатысуға шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны