02.06.2014, 20:39 2835

Е.Ыдырысов: Қазақстан ДСҰ-ға ену туралы келісімге қол қоюдың аз-ақ алдында

Оның айтуынша, қазақстандық өкілдер АҚШ және Ресейдегі әріптестерімен Женевада кездесуді жоспарлап отыр. Онда Қазақстанның ДСҰ-ға енуін талқылау үдерісі тәмамдалады деп күтілуде.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына ену туралы келісімге қол қоюға жақындап қалды. Бұл туралы бүгін ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ЕАЭО туралы шартқа қол қоюға байланысты брифинг барысында мәлімдеді.

"Айта кетерлігі, Қазақстан мен Беларусь ДСҰ-ға ену жолында табандылық танытады. Қазақстан бүгінгі таңда Дүниежүзілік сауда ұйымына ену туралы келісімге қол қоюға жақындап қалды", - дейді Ерлан Ыдырысов.

Оның айтуынша, қазақстандық өкілдер АҚШ және Ресейдегі әріптестерімен Женевада кездесуді жоспарлап отыр. Онда Қазақстанның ДСҰ-ға енуін талқылау үдерісі тәмамдалады деп күтілуде.

"Менің пікірімше, аталмыш отырыс оң жаңалықтарға толы болып, Қазақстанның ДСҰ-ға ену шарттары қаралмақ. Біз Еуропалық одақпен және АҚШ-пен, бізге қолдау көрсетіп отырған Ресей үкіметімен әріптестікті жоймақ емеспіз. Аталмыш мәселе жақын арада шешімін табады деп үміттенеміз. Кейін Беларусьтің де ұйымға енуіне қол ұшын береміз. Өйткені ЕАЭО шеңберінде біздің мүддеміз бір жерде тоғысады", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны