22.05.2015, 14:37 4439

Е. Ыдырысов: Қазақстан Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастықты кеӊейтуге ниетті

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АЭФ аясындағы іс-шараларға қатысу мақсатында Астанаға сапармен келген Кариб қауымдастығы мүше мемлекеттерініӊ (КАРИКОМ) БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдерімен кездесті

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АЭФ аясындағы іс-шараларға қатысу мақсатында Астанаға сапармен келген Кариб қауымдастығы мүше мемлекеттерініӊ (КАРИКОМ) БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар Қазақстан мен КАРИКОМ арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристтік салалардағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ болашағы зор жобаларға бірге қатысу мүмкіндіктерін талқыға салды, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Е. Ыдырысов Кариб бассейні мемлекеттерімен өзара ықпалдастық Қазақстан үшін жаӊа бағыт болып табылады және осы орайда тығыз, жан-жақты ынтымақтастық орнату негізгі мәселелердіӊ бірі болмақ деп атап өтті.

Келіссөздер барысында Қазақстанныӊ Кариб бассейні елдерімен халықаралық ұйымдар шеӊберінде, соныӊ ішінде БҰҰ, Америка мемлекеттерініӊ ұйымы және басқа да ұйымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Сыртқы саяси ведомство басшысы Кариб бассейні елдерініӊ Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысады деген сенімін жеткізді.

Кездесуде Антигуа мен Барбуда, Доминика, Сент-Люси, Сент-Винсент және Гренада өкілдері мен Доминикан Республикасыныӊ тұрақты өкілі қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны