17.07.2014, 20:45 2178

Е.Ыдырысов: Қазақстан "Орталық Азия + Жапония" диалогының нығайғанын қолдайды

Бішкек қаласында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов "Орталық Азия - Жапония" Диалогының (ОАЖД) мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің 5-інші мерейтойлық кеңесіне қатысты, - деп ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Бішкек қаласында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов "Орталық Азия - Жапония" Диалогының (ОАЖД) мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің 5-інші мерейтойлық кеңесіне қатысты, - деп ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен қатар, іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Жапонияның сыртқы саяси ведомство басшылары да қатысты.

Сыртқы істер министрлері Диалог аясындағы 10 жылдық ынтымақтастықтың нәтижесін қарастырып, жаңа онжылдықтағы өзара тиімді әріптестікті нығайту мәселелерін талқыға салды.

ОАЖД СІМК күн тәртібінде ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету, Мыңжылдық даму мақсаттары мен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресу, Ауғанстандағы ахуал, табиғи апаттарды алдын алу секілді мәселелер қарастырылды.

Е.Ыдырысов өзінің сәлемдеме сөзінде қатысушылардың назарын Орталық Азия аймағында қауіп-қатерлердің күшеюіне байланысты бейбітшілік, тұрақтылық, аймақтағы азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында ынтымақтастықты тереңдету және кеңейтуді жалғастыру қажеттілігіне аударды.

"Бұл орайда Қазақстан "Орталық Азия + Жапония" диалогының нығая түсуін, оның аясында ынтымақтастық пен тиісті механизмдердің өміршең жобаларын іздестіруді қолдайды. Біздің қызметіміз тек ықпалдастыққа жағдай жасау, экономикалық қарым-қатынасты нығайту мен дамыту ғана емес, сонымен қатар таза саяси сенімді арттыру, және нәтижесінде, азиялық континеттің едәуір бөлігінде қауіпсіздік жағдайлар туғызу", - деп министр атап өтті.

Сонымен қоса, Министрлік кездесуде осыған дейін қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, ОАЖД мүше мемлекеттерінің өзара тығыз ықпалдасуындағы бастапқы жоба ретінде таңдалған ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу орын алды. Кездесу барысында ауылшаруашылық саласында нақты жобаларды іске асыруды бастау туралы шешім қабылданды.

5-інші ОАЖД СІМК қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

"Орталық Азия + Жапония" Диалогы бұл - 2004 жылы Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынасты нығайту мен кеңейту бойынша күш-жігерді ұлғайта түсу және аймақтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жапонияның бастамасымен ұсынылған ынтымақтастықтың жаңа форматы. ОАЖД өңірдің ортақ саяси, экономикалық, сонымен қоса қауіпсіздік мәселелерін талқыға салатын маңызды алаңға айналды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны