03.02.2014, 21:45 3616

Е. Ыдырысов Нидерланды Королдігіндегі әріптесі Франс Тиммерманспен кездесті

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Нидерланды Королдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен оның Қазақстанға ресми сапары кезінде кездесті.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Нидерланды Королдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен оның Қазақстанға ресми сапары кезінде кездесті.

"Аталмыш сапардың негізі Қазақстан мен Нидерланды жаһандық қауіпсіздік пен оны қабылдамау тұрғысында бір бағытты ұстанып отырғандығында. 2014 жылдың наурыз айында Гаагада ядролық қауіпсіздік бойынша саммит өтеді. Біздің Президент осы сынды Саммиттердің белсенді қатысушысы. Гаагаға сапар екіжақты сипаттамаға ие: бұл екіжақты сапар мен жаһандық саммитке қатысу", - деді Е. Ыдырысов.

Өз кезегінде, Ф. Тиммерманс "бүгінде Қазақстан әлемдік жетекші елдердің қатарында және антиядролық қаруларды қолданбау бойынша бейбіт дамудың нық көрсеткіші" екенін атап өтті.

"Ядролық қауіпсіздік және энергияның бейбіт көзі ретінде Нидерланды Қазақстанның серіктесі болуға ниетті", - деді Ф. Тиммерманс.

Кездесушілер сондай-ақ, қазақстан-нидерланды әріптестігінің өзекті сұрақтары мен екі жақты келісімді талқылады. Жалпы, саясаттың одан әрі дамуы және мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық бағыттар да тілге тиек болды.

Тараптар мемлекеттердің потенциалы мен аймақтық сұрақтарды шешу, оның ішінде көпжақты БҰҰ, ЕЫҚҰ және химиялық қаруды шектеу ұйымы сынды институттардың сұрақтарын да қамтыды.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікке ерекше көңіл бөлінді. Ғылыми-зерттеу орталықтары мен инновациялық парк, ғарыштық саланы құру мәселесі талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны