30.03.2012, 11:02 3448

Е.Орынбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысына келді

Сапар барысында жұмыс тобы облыстың бірқатар өндірістік және әлеуметтік саладағы нысандарын аралып, Қостанай қаласындағы еңбекпен қамту Орталығының жұмысымен танысады деп жоспарлануда.

Астана. 30-наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша вице-премьер Ербол Орынбаев бастаған жұмыс тобы Қостанай облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сапар барысында жұмыс тобы облыстың бірқатар өндірістік және әлеуметтік саладағы нысандарын аралып, Қостанай қаласындағы еңбекпен қамту Орталығының жұмысымен танысады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ вице-премьер Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылыс барысымен таныс болады.

Ербол Орынбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде Қостанай облысының активі қатысатын "Жұмыспен қамту-2020" және "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламаларының жүзеге асырылу мәселелері туралы кеңес өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны