05.05.2014, 20:38 18071

ЕАЭО аясында ортақ электр энергетикалық нарық құру тұжырымдамасы дайындалады

"Соңғы жылы біздің үш елдің сарапшылары параллель жұмыс істейтін энергожүйе негізіндегі ортақ электр энергетикасы нарығын кезең-кезеңімен құру келісіміне қол жеткізіліп, барлық позицияларға келісім алынды. 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін ортақ электр энергетикалық нарық құру тұжырымдамасы дайындалады", - дейді Б.Жақсалиев.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін "Еуразиялық интеграцияның сараптау үрдісінің электрэнергия саласына беретін әсері" жиыны барысында индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін ортақ электр энергетикалық нарық құру тұжырымдамасы дайындалатынын айтты.

"Соңғы жылы біздің үш елдің сарапшылары параллель жұмыс істейтін энергожүйе негізіндегі ортақ электр энергтикасы нарығын кезең-кезеңімен құру келісіміне қол жеткізіліп, барлық позицияларға келісім алынды. 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін ортақ электр энергетикалық нарық құру тұжырымдамасы дайындалады", - дейді Б.Жақсалиев.

Оның айтуынша, тура бір жылдан кейін 2016 жылдың 1 шілдесінде аталмыш тұжырымдама негізінде ортақ электр энергетикасы нарығын құру бағдарламасы құрылады.

"Аталмыш шаралар бағдарламасын іске асыру бойынша мүше мемлекеттер 2019 жылдың 1 шілдесінен қалмай ортақ электрэнергетикасы нарығы одағын құру туралы халықаралық келісімге келеді. Соның ішінде желілерге жетудің бірыңғай ережелері қамтылып, қазіргі таңда 2019 жылға дейін одаққа мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктрін қамтамасыз ету үшін электрэнергиясын басым пайдалану шарттары кезінде шекті техникалық мүмкініктердегі электр энергтикасы қуатын мемлекеттік беруді іске асыру үшін желілерге кедергісіз қолжетімділік беру туралы шешім қабылданды", - дейді ол.

Осылайша, қазіргі таңда интеграцияланған энергетикалық желі одағы қызметінің негізі құрылды. Вице-министрдің айтуынша, одақ аясында ведомство келісімге мүше мемлекеттердің бірыңғай электрэнеретикасы нарығын құру жұмыстарын жалғастыруда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны