18.07.2014, 19:08 3275

ЕАЭО әлеуеті Португалия кәсіпкерлеріне түсіндірілді

Лиссабон қаласында (Португалия) Португалия Үкіметі жанындағы Инвестиция және сыртқы сауда агенттігінің (AICEP) шақыруымен Еуразиялық экономикалық комиссия делагациясымен үлкен жұмыс кездесу өтті.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Лиссабон қаласында (Португалия) Португалия Үкіметі жанындағы Инвестиция және сыртқы сауда агенттігінің (AICEP) шақыруымен Еуразиялық экономикалық комиссия делагациясымен үлкен жұмыс кездесу өтті. Делегаттарды ЕЭК-ның өндірістік және агроөндірістік кешен бойынша Коллегия мүшесі (Министр) Сергей Сидорский бастап барды. Қонақтар агенттіктің және португалиялық іскерлер тобының өкілдерімен кездесті, деп ЕЭК-тан хабарлады.

Кездесу қонақтарының ішінде Қазақстан, Ресей, Португалияның дипломатиялық миссиясының өкілдері, коммерциялық өндірістік компаниялардың өкілдері, КО пен БЭК мүше елдермен экономикалық байланыс орнатуға мүдделілер болды.

Отырыс барысында қатысушыларға еуразиялық интеграцияның - 2015 жылы Еуразилық экономикалық одақты құрудың болашағы, әлеуеті мен мүмкіндіктері кеңінен әңгімеленді. Одаққа мүше мемлекеттер - Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің алдынан ашылатын жаңа мүмкіндіктер де назардан тыс қалмады.

Айта кетерлік жайт, Сергей Сидорский осы тұрғыда португалиялық бастамашыл топпен байланыс орнатуда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін баса айтты. "Илеуетті ивесторлар туралы ақпарат алмасуға Одаққа үш мемлекеттің өндіріс ошақтарымен байланыс орнатуға, олармен бірлесіп жаңа өндіріс ошақтарын ашуға барынша жағдай жасалады", - деп ол түйіндеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны