28.05.2014, 22:11 2971

ЕАЭО экономикадағы екі мәселені шешеді - А. Пилько

Ресейдегі Қазақстан елшісінің бастамасымен Мәскеуде өткен дөңгелек үстел барысында Еуразиялық коммуникациялық орталықтың жетекшісі Алексей Пилько ЕАЭО құрылуының мақсаттарын атап өтті.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Ресейдегі Қазақстан елшісінің бастамасымен Мәскеуде өткен дөңгелек үстел барысында Еуразиялық коммуникациялық орталықтың жетекшісі Алексей Пилько ЕАЭО құрылуының мақсаттарын атап өтті.

Еуразиялық коммуникациялық орталық жетекшісінің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақты құрудың негізгі мақсаты әлемдік экономикаға плюралистік сипат беру, деп елшіліктің баспасөз қызметінде хабарлады.

"ЕАЭО жобасының Кеңес Одағымен ұқсастығы мүлдем жоқ. Ол екі мәселені шешеді: экономикалық байланыстың қайта қалпына келуі, ол КСРО құлағаннан кейін дамымай қалған. Мәселе ортақ шекарада бірыңғай экономикалық кеңістік құруда жатыр. ЕАЭО-ның өзге тапсырмасы - әлемдік экономикаға плюралистік сипат беру", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны