08.01.2015, 18:36 3811

ЕАЭО елдері үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі қарастырылған

ЕАЭО елдері үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі қарастырылған, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметініӊ брифингінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрініӊ орынбасары Светлана Жақыпова.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - "ЕАЭО туралы келісім аясында біз тек жинақтаушы зейнетақы экспортын қарастырдық. Базалық зейнетақы төлемі, ортақ зейнетақы мен жинақталған еӊбек өтілі тек Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана қарастырылады. Еӊбек мигранттары табыстыӊ 10 пайызын біріӊғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару құқығына ие болады", - дейді вице-министр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ айтуынша, соған сай ЖЗҚ төлемдері өмір сүріп жатқан мемлекеттегі зейнет жасына жеткен жағдайда ғана берілетін болады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Елден шыққан кезде мигрантқа зейнетақы жинағы аударылмайды. Олар БЖЗҚ-да жинақтала береді. Тек тұрып жатқан мемлекетініӊ құзіретті органына барып өтінгенде ғана экспортталмақ", - деп түсіндірді министр орынбасары.

Вице-министрдіӊ мәліметінше, зейнетақымен қамтамасыз ету жекелеген халықаралық келісімдермен қарастырылады, қазір оныӊ тұжырымдамасы дайын.

Сонымен қатар, оныӊ айтуынша, Ресей, Беларусь елдерініӊ зейнетақы жүйесі қазақстандық жүйеден өзгешелеу. "Егер бізде зейнетақы қорына жеке тұлғаныӊ өз табысыныӊ 10 пайызы аударылатын болса, Ресейде мұны жұмыс беруші аударады. Ал, Ресейдіӊ зейнетақы қоры Ресей федерациясы аумағында еӊбек етуші жұмыскерлердіӊ зейнетақы төлемдерін олар 63-ке толғанда, яғни зейнетақы жасына жеткенде ғана экспорттайтын болады", - дейді С.Жақыпова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны