29.05.2014, 20:49 2909

ЕАЭО елдерінің азаматтары үш мемлекетте де жұмыс істеуге құқылы - В.Путин

"Еуразиялық экономикалық одақтың артықшылықтарын біздің азаматтар да өз игіліктеріне пайдалануы керек. Олар ендігі кезекте ешқандай да бір рұқсаттама құжаттарын рәсімдемей-ақ қалаған үш мемлекеттің бірінде жұмыс істеу құқына ие болады", - деді В.Путин.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық одақ елдері қандай да бір рұқсаттама қағаздарын рәсімдемей-ақ үш елдің ішіндегі қалаған мемлекетіне барып жұмыс істей береді, деп бүгін ЕАЭО Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесінде РФ Президенті Владимир Путин хабарлады.

"Еуразиялық экономикалық одақтың артықшылықтарын біздің азаматтар да өз игіліктеріне пайдалануы керек. Олар ендігі кезекте ешқандай да бір рұқсаттама құжаттарын рәсімдемей-ақ қалаған үш мемлекеттің бірінде жұмыс істеу құқына ие болады", - деді В.Путин.

РФ Президентінің айтуынша, алдағы уақытта одаққа Армения қосылуы мүмкін.

"Ирине, біз одаққа қатысушы мемлекеттердің санын арттыру мәселесіне де тоқталдық. Одаққа Арменияны қосу туралы Келісім жобасын қарадық. Бұл құжатқа барынша жақын арада қол қоятын боламыз. Армян тарабы бұл шараны маусым айында атқаруды айтып еді, біз оған келісім бердік. Жалпы, менің ойымша, алдағы уақытта Армения одақтың тең құқылы мүшесіне айналады", - дейді В.Путин.

Сонымен қатар, Путин Қырғызстанның да одаққа қосылу мүмкіндігіне тоқталды.

"Біз қазір Қырғызстан Президентімен тиісті құжаттарды дайындау шараларын қолға алып, өзіміздің тараптан көмектесудеміз. Одаққа қосылуға Қырғызстанның мүмкіндігі мол", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан, Ресей мен Беларусь президенттері 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін ЕАЭО туралы Келісімге қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны