04.06.2014, 23:47 3122

ЕАЭО елдерінің өндірістік әлеуеті 600 млрд долларды құрайды - депутат

ЕАЭО елдерінің өндірістік әлеуеті 600 млрд долларды құрайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақан Бижанов.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. ЕАЭО елдерінің өндірістік әлеуеті 600 млрд долларды құрайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақан Бижанов.

"Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы біздің мемлекет өміріндегі ірі тарихи оқиға болып табылады. Одақтың болашағы туралы айтар болсақ, оның артықшылығына да тоқтала кеткеніміз жөн. ЕАЭО-ға ену мемлекет нарығын барынша кеңейте түсті. Үш елдің жалпы нарық көлемі 2,5 трлн доллардан асады. Ал адам ресурсы 168 млн-нан астам. Мемлекеттердің жалпы өндірістік әлеуеті 600 млрд долларды құрайды", - дейді А.Бижанов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік - тауар мен қызмет тасымалына ірі нарық ұсынатын мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі үш мемлекеттің теңдей бәсекелестік ортасы.

"Өткен жылдары Ресей мен Беларусьтің мемлекеттік сатып алуы 198 млрд доллар шамасында болған", - дейді ол.

"Қазақстандық экономиканы кеңейтетін ынтымақтастықтың тағы бір бағыты ортақ мұнай, мұнай өнімдері, газ, электр энергетикасы, дәрі-дәрмек препараттары мен медициналық бұйымдар нарығы болып табылады. Ресей мен Беларусьтің тауар айналымы да жыл санап артып келеді. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда-саттық 20 млрд долларды құраған", - дейді депутат.

Сонымен қатар, оның мәліметінше, әлемдік мұхитқа тікелей шыға алмайтын Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы әлемдік нарықтарға транспорттық-логистикалық жол ашылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны