13.06.2014, 18:16 1343

ЕАЭО құру қазақстандық банк секторының тартымдылығын арттырады - Г. Греф

ЕАЭО құру қазақстандық банк секторының тартымдылығын арттырады, деген пікір білдірді бүгін ҚР Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысының қорытындысы бойынша брифингте Ресей Сбербанкі Басқармасының төрағасы Герман Греф.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. ЕАЭО құру қазақстандық банк секторының тартымдылығын арттырады, деген пікір білдірді бүгін ҚР Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысының қорытындысы бойынша брифингте Ресей Сбербанкі Басқармасының төрағасы Герман Греф.

"Қазақстандағы сәтті қызметіміз арқылы басқа да банк құрылымдарын зерттедік. Менің ойымша, Қазақстан қаржы институттары үшін әлдеқайда тартымды болады", - деді Г.Греф.

Сонымен бірге, ол Қазақстанда шетелдік ірі қаржы институттарының перспективасына қатысты кейбір сенімсіз жай-күйлердің жанында "БЭК туралы келісімге қол қою қазақстандық банк секторының тартымдылығын түбегейлі өзгертуі мүмкін" деген сенімде, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Сонымен, РФ банкі басшысының пікірінше, интеграцияның жаңа кезеңі бәсекелестікті ныңғайтып, "экономикалық аймағымызды әлдеқайда тартымды етеді".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны