13.02.2015, 21:57 3661

ЕАЭО шеӊберінде отандық еӊбек нарығына қысым байқалмаған - ҚР ДСИДМ

Қазақстанда ЕАЭО жұмыс жасауы шеӊберінде еӊбек нарығына қысым байқалған жоқ, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов "ҚР-ныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын таныстыру барысында

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ЕАЭО жұмыс жасауы шеӊберінде еӊбек нарығына қысым байқалған жоқ, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов "ҚР-ныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын таныстыру барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Көрсеткіш айтарлықтай емес, ол еӊбек нарығына қысым түсірмейді, негізінен бұл біліктілігі жоғары мамандықтар, білікті жұмыскерлер", - деді Д.Арғандыков, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, республикада Ресейден келген ресми жұмыскерлер саны 8,5 мыӊ адамды, Беларусь Республикасынан 600-ден астам адамды құрады.

"Егер ЕАЭО-на енгенге дейінгі кезеӊмен салыстыратын болсақ, 2 жыл бұрын осында жұмыс жасайтын ресейліктер саны ресми түрде орта есеппен алғанда шамамен 1 мыӊ адамды құраса, Беларусь Республикасынан 100-ге жетпейтін еді", - деп мәлімдеді ол.

Вице-министрдіӊ мәліметінше, жыл сайын қазақстандық компаниялар елге 30 мыӊ шетелдік маманды тартады, оныӊ ішінде басым бөлігі құрылыс саласына жатады.

Вице-министр атап өткендей, қазіргі заӊнамаға сәйкес, әр қазақстандық компанияда "білікті мамандар" санатында қазақстандықтар 90%-дан кем болмауы тиіс, және "құрылымдық бөлімдердіӊ топ-менеджерлері мен басшылары" санатында қазақстандықтардыӊ саны 70%-дан кем түспеуі тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны