16.05.2014, 20:57 4204

ЕАЭО туралы Келісім шарт жобасы дайын - Б.Сағынтаев

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының қорытындысында ЕАЭО туралы Келісім шарт жобасының дайын екенін айтты.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының қорытындысында ЕАЭО туралы Келісім шарт жобасының дайын екенін айтты, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

Б.Сағынтаевтың айтуынша, отырыста ЕАЭО құру туралы Келісім шарт жобасы қаралып, құжат жобасы мәтінін жетілдіретін соңғы түзетулер мен нақтылауға қатысты мәселелер талқыланды.

"Иріптестер ЕАЭО туралы Келісім шарт жобасын дайындау аясында қабылданған шешімдерді жан-жақты қарастырды", - деді ол.

Үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда мемлекетішілік процедуралар басталып жатыр. Келісім шарт жобасы мемлекет басшыларының қол қоюына дайындалуы үшін болашақ одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдеріне аударылады.

Естеріңізге сала кетейік, келісім шарт 29 мамыр күні Астанада өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық одақ отырысы барысында құрылмақ.

Вице-премьердің айтуынша, ЕАЭО туралы Келісім жобасы мемлекеттердің экономикасына өзара тиімді, тең құқықты дамуына қосымша серпін беріп, транспорт, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен мен бәсекелесті саясаттың дамуына жол ашпақ.

Келісім шарттың соңғы түзетулері Астанадағы ЕЭК Кеңесінде жасалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны