19.05.2014, 19:36 2955

ЕАЭО туралы Келісім үш елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтереді - Р.Сапарғалиев

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретін тарихи құжат болып табылады. Бұл туралы БҚО кәсіпкерлік және индустриялық - инновациалық даму басқармасының бастығы Руслан Сапарғалиев мәлім етті.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретін тарихи құжат болып табылады. Бұл туралы БҚО кәсіпкерлік және индустриялық - инновациалық даму басқармасының бастығы Руслан Сапарғалиев мәлім етті.

"ЕАЭО туралы қабылданған Келісімде мемлекеттік сатып алуларды реттейтін және бекітетін талаптар туралы бөлімді бизнес қауымдастықтар үшін атап өтсем деп едім. Атап айтатын болсақ, бұл бөлім осы Келісімге қол қойған мемлекеттердің кәсіпкерлеріне бірдей ұлттық мемлекеттік сатып алу саласына кіруге мүмкіндік беріп отыр. Демек, олар бір-бірінің мемлекеттік сатып алуына заңды түрде кіруіне жағдай жасауда. Бір сөзбен айтқанда, кәсібінің тасын өрге домалатам деген кәсіпкердің алдында 198 млрд. долларды құрайтын, Қазақстанның нарығынан 26 есе үлкен үлкен нарықтың есігі ашылды", - деп Р. Сапарғалиев баса айтты.

Сонымен қатар, ол, ЕАЭО мүшелік ету бірыңғай көлік жүйесі мен қолайлы инвестициялық климат жасақтауға ықпал етеді, деп атап өтті.

"Сонымен, Кедендік одақтың кәсіпкерлеріне сүйене отырып мысал келтіруге болады. Одақты құрған кезден бастап мемлекеттер арасында жүк айналымы жеңілдеді және Қазақстанның өңдеу секторына шетелдік инвестицияларды тарту көлемі екі есе өсті. Мәселен, 2012 жылы 3,4 млрд. доллар инвестиция тартылса, 2009 жылы ол небәрі 1,8 млрд. долл. құраған еді", - деді Р. Сапарғалиев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны