26.05.2014, 21:25 3364

ЕАЭО туралы келісімге қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізілмейді - СІМ

Оның айтуынша, бүгінде құрылып жатқан ЕАЭО аясында Ресеймен өте ірі көлемдегі келісім шарттық база бар. Бұл шамамен 500 келісім, соның ішінде 18 пайызға жуығы әлеуметтік салаға тиесілі.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізілмейтінін айтты.

"Келісімнің институционалдық бөлімі нақты жазылған, ұлттық орган үстінен қарайтын орган өкілдігінің механизмі түзілді. Негізгі бөлім - барлық тараптың да тең құқылы болуы. Қазіргі таңда Еуразиялық комиссияда 24 департамент жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың өзгеруі мүмкін. Қазақстан соның ішінде үштен біріне, яғни 8-9 департаментке жетекшілік етпек.бұл норма нақты көрсетілген. Болашақ келісімге келер болсақ, негізгі қағидалар қайта қаралып, одақтың құрылғанынан кейінгі саясилануы, қауіпсіздік мәселелері қаралмайды", - дейді С. Ордабаев.

Вице-министрдің пікірінше, саяси қатынастар өзге алаңдарда ТМД, ҰҚШҰ мен ЕурАзЭҚ-тарда дами бермек.

Оның айтуынша, бүгінде құрылып жатқан ЕАЭО аясында Ресеймен өте ірі көлемдегі келісім шарттық база бар. Бұл шамамен 500 келісім, соның ішінде 18 пайызға жуығы әлеуметтік салаға тиесілі.

"Жаңа одақ - өңірлік экономикалық халықаралық ұйым. Негізі құырылған. Институционалды бөлімінде түрлі мәселелер қаралды. Ұйым мәртебесін алып тастау жайы да сөз болды. Біз нақты шешімге келдік, жаңа одақ - халықаралық ұйым, халықаралық тәжірибеге сүйенеді", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны