29.05.2014, 20:47 2816

ЕАЭО туралы Келісімге қол қою ілкімді істің бастауы - А.Лукашенко

ЕАЭО туралы Келісімге қол қою ілкімді істің бастауы , деп мәлімдеді Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. ЕАЭО туралы Келісімге қол қою ілкімді істің бастауы , деп мәлімдеді Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко.

"Интеграция процессі өте үлкен және ауқымды шара болды. Осы жолда біз біреулерден айырылдық, енді біреулерін қайта таптық. Алайда, ешқашан тоқтамадық", - деді сөз басында Александр Лукашенко.

"Еуразиялық интеграцияның кеңістігінде жұмыс істеу барысында бүгінгі күн маңызды шарамен есте қалмақ. Біз бүгін Қазақстан, Ресей мен Белоруссия мемлекеттері арасында ЕАЭО туралы Келісімге қол қойдық",- деді А. Лукашенко.

Сонымен қатар Беларусь Президенті экономикалық ынтымақтастық аясындағы бірқатар пролемалардың шешімін біршама уақытқа шегеріп қойылғанын тілге тиек етті. Алайда, бұл осымен бәрі шешілді деген сөз емес, керісінше ілкімді істің басталғанын білдіреді. Бірінші кезекте біз өзіміздің халқымызға, содан кейін әлемге осы бағытта дұрыс қадам жасап жатқанымызды көрсетуміз керек, деп ол атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны