21.04.2016, 10:19 4104

ЕАМФ алаӊында теӊгерімді шешімдер іздестіру бейбітшілік жолындағы жалпы әлемдік қозғалысқа баға жетпес үлес - Н.Назарбаев

Бүгін елордада басталған ХІІІ Еуразиялық медиа форум қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдады. Құттықтауды ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары, ЕАМФ ұйымдастыру комитетініӊ төрайымы Дариға Назарбаева оқып берді

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін елордада басталған ХІІІ Еуразиялық медиа форум қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдады. Құттықтауды ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары, ЕАМФ ұйымдастыру комитетініӊ төрайымы Дариға Назарбаева оқып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Еуразиялық медиа форум қатысушыларын Қазақстан жері әрдайым құшақ жая қарсы алады. Форум әлемніӊ жетекші диалог алаӊдарыныӊ біріне айналды. Онда қазіргі заманныӊ еӊ өзекті мәселелері талқыланады. Дамудыӊ жаӊа парадигмалары қалыптасып, болашақтыӊ сұлбасы жасалады. Бүгінгі таӊда әлем барша адамзатқа теӊдессіз сын-қатерлер төндірген жаӊа дәуірге аяқ басады. Жаӊа әлемніӊ, бәріміздіӊ ортақ болашағымыздыӊ қандай болатыны біздіӊ әрқайсымызға байланысты. Мен "Илем. ХХІ ғасыр" атты манифесті ұсындым. Оныӊ мақсаты - Жер бетінде соғыс атаулыны түп-тамырымен жою. Бұл ғасыр ортақ ерік-жігер арқылы парасат пен жасампаздық сындарлы диалог салтанат құратын дәуір болуы тиіс. Сол себепті, Еуразиялық медиа форумныӊ алаӊында қордаланған әлемдік проблемаларды ашық талқылап, теӊгерімді шешімдер іздестіру бейбітшілік жолындағы жалпы әлемдік қозғалысқа қосылар баға жетпес үлес. Форум жұмысыныӊ нәтижесі, сіздердіӊ жаӊа идеяларыӊыз бен бастамаларыӊыз дүниежүзілік коммуникацияныӊ жаһандық диалогты дамытуға зор серпін береріне сенімдімін. Форумныӊ барша қатысушыларына жемісті жұмыс пен бар жақсылықтарды тілеймін", - делінген ҚР Президентініӊ құттықтауында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны