21.07.2014, 20:45 2945

ЕЭК алқасында экономика, қаржы және кедендік әріптестік мәселесі қаралды

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 21-інші отырысында экономика мен қаржы саясаты, кедендік әріптестік жән техникалық реттеу саласы мәселелері қаралды, - деп хабарлайды ЕЭК.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 21-інші отырысында экономика мен қаржы саясаты, кедендік әріптестік жән техникалық реттеу саласы мәселелері қаралды, - деп хабарлайды ЕЭК.

Жиында ЕЭК Қаржы саясаты департаменті тарапынан дайындалған либерализаиция шаралары мен қаржылық құқық қатынастарын реттеудің келісілген әдістері туралы Келісім жобасы мақұлданды. Жоба Еуразиялық эконмоикалық одақтың (ЕАЭО) мүше мемлекеттері резиденттері тарапынан іске асырылатын қаржы операцияларының тізімін анықтайды. Соған қатысты Тараптар қаржылық шектеулерге бармайды. Сонымен қатар құжат арқылы ЕАЭО мүше мемлекеттері резиденттері үшін ЕАЭО өзге мүше мемлекеттерінің құзіретті ұйымдарына шет елдік және ұлттық валютамен салымын шектеусіз ашу мүмкіндігін қарастырылады және сол арқылы аталмыш мемлекеттің заңымен бекітілген тәртіппен операция іске асырылады.

Кедендік әріптестік саласында ЕЭК алқасы "Кедендік транзиттің кедендік процедурасы ғимаратын жекелей қолдануға арналған тауарды кедендік хаттау мәселесі бойынша Кедендік одақ Комиссиясының бірқатар шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешім қабылдады. Аталмыш шешім өзара өз бетінше жеңілдікке ие азаматтар санатының (қашқындар, қоныстанушылар, шет елден жұмыстан қайтып келе жатқан дипломатиялық қызметкерлер) жеке мүлкі мен жеке автокөліктерінің кедендік транзиттің кедендік процедурасы ғимаратын жекелей қолданудағы кедендік хаттауды қысқартуға бағытталған.

Сонымен қатар Алқа отырысында тауарға хаттама толтыру тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Енгізілген түзетулер тауарға хаттама толтыру тізімін айтарлықтай қысқартып, КО пен БЭК кедендік орган ақпараттық жүйесіндегі немесе кедендік құжаттарындағы қайталанатын тауарды хаттаудың жекелеген кестесін толтыру міндетін алып тастайды.

Техникалық реттеу саласына зерттеу (сынақ) және өзгерістер әдістері мен қамтылатын ережелері, стандарттар тізіміне өзгерістер енгізілді, соның ішінде "Астық қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 015/2011) Кедендік одақтың техникалық реттеуін қабылдау мен орындауға қажетті іріктеу ережелері мен Кедендік одақ комиссиясы тарапынан мақұлданған 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №874 тиісті өнімді бағалауды жүзеге асыру (мақұлдау) енгізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны