03.07.2014, 20:59 3298

ЕЭК алқасында интеграция мен макроэкономика мәселесі талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында интеграция, макроэкономика, АӨК мен кедендік ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында интеграция, макроэкономика, АӨК мен кедендік ынтымақтастық мәселелері қаралды.

ЕЭК алқасы 2012 жылы 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай ержелері Келісімінің шартын КО пен БЭК мүше мемлекеттерінің сақтауының Есебін мақұлдап, он үш елдің үкіметіне жіберді. Қатысушы мемлекеттердің аталмыш ескертуіне сай 2012 жылғы өндірілген ауыл шаруашылық тауарларының жалпы құнына қатысты саудаға өзара әсер ететін мемлекеттік қолдау деңгейі Беларусьта - 8,7% (рұқсат берілген деңгей 15%), Қазақстанда - 3,4% (рұқсат етілген деңгей 10%). Ресейдегі қолдаудың агрегацияланған шарасы көлемі 5,8 млрд долларды құрады. Ал рұқсат етілген көрсеткіш 9 млрд доллар еді, деп хабарлайды ЕЭК ресми сайты.

ЕЭК алқасы КО пен БЭК қатысушы мемлекеттерінің ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі туралы ескерту түріндегі өзгерістерді енгізді. Аталмыш форма тоықтықты қамтамасыз ету пен КО пен БЭК елдерінің алмасатын ауыл шаруашығын мемлекеттік қолдау туралы берілген ақпараттың нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дайындалды.

Сонымен қатар, ЕЭК алқасының "Тауарларға декларация тіркеудегі тәркеу мен бас тарту тәртібі туралы Нұсқаулық туралы" шешімі қабылданды. Жоба тауар декларациясын (ТД) автоматты тіркеу технологиясын енгізу, ТД тіркеудегі бас тарту мен тіркеу тәртібін біркелкі ету, кедендік операцияларды жүргізудегі уақытты қысқартуға бағытталған. Мұндай қысқартулар ресурсты үнемдеуге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны