05.11.2012, 18:13 3252

ЕЭК Алқасының жанындағы Статистика жөніндегі консультативтік комитет алғашқы отырысын өткізді - баспасөз баяны

Отырысқа ұлттық статистикалық органдар, экономика министрліктері, қазына және кеден қызметтері басшыларының орынбасарлары, КЕден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер - Беларусь Республикасы, Қазақстан және Ресей Федерациясының ұлттық/орталық банктері Төрағаларының (Басқарма Төрағаларының) орынбасарлары қатысты.

1-2 қарашада Еуразия экономикалық комиссиясында Алқа мүшесі - Ықпалдастықтың негізгі бағыттары мен макроэкономика министрі Татьяна Валованың төрағалық етуімен Комиссия Алқасының жанындағы Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің алғашқы отырысы болып өтті. Бұл жөнінде Еуразия экономикалық комиссиясының ресми сайтында хабарланды.

Отырысқа ұлттық статистикалық органдар, экономика министрліктері, қазына және кеден қызметтері басшыларының орынбасарлары, КЕден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер - Беларусь Республикасы, Қазақстан және Ресей Федерациясының ұлттық/орталық банктері Төрағаларының (Басқарма Төрағаларының) орынбасарлары қатысты.

"Комитет отырысының барысында бірқатар құжаттардың жобалары, атап айтқанда Еуразия экономикалық комиссиясының статистика саласындағы ақпараттық өзара әрекеттестігі туралы келісім жобасы мақұлданды. Сондай-ақ Комиссияның валюталардың сатып алу қабілетінің паритеті бойынша жыл сайынғы есептеулер негізінде КО және БЭК мүше-мемлекеттерінде халықаралық макроэкономикалық салыстырулар жүргізу туралы мәселені қарастыру орындылығы жөніндегі ұсынысы қолдау тауып, Сыртқы сауданың кедендік статистикасы мен КО мүше-мемлекеттерінің өзара сауда статистикасын жүргізудің Бірыңғай әдіснамасына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, қысқа мерзімді келешекке Комитеттің жұмысы үшін басым міндеттер қойылды және Статистика жөніндегі Консультативтік кеңестің 2013 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданды", - делінген хабарламада.

Бұнымен қоса, отырыс барысында Сыртқы және өзара сауда статистикасы жөніндегі шағын комитет құрылды, оның алғашқы отырысын 2012 жылғы желтоқсанда өткізу жоспарланып отыр.

Шара қорытындылары бойынша Консультативтік комитет мүшелері Комитеттің екінші отырысын 2013 жылдың наурызында Мәскеуде өткізу туралы келісімге келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны