10.04.2014, 19:44 3495

ЕЭК делегациясы іссапармен Германияға барды

"Мессе Франкфурт Рус" көрме компаниясының бас директоры Ойген Аллесоммен келіссөздер жүргізілді. Онда КО пен БЭК тауар өндірушілердің халықаралық нарыққы шығуына және шығарылып жатқан тауарға сұранысты арттыру бойынша жаңа сегменттерді анықтауда көмек қолын созу мәселелері талқыланды.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы Өндіріс және агроөндіріс кешені коллегиясының мүшесі (министр) Сергей Сидорскиммен Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік конвенциясын жүзеге асыру шеңберінде іс-сапармен Франкфурт-на-Майне (Германия) қаласына барып қайтты.

Делегацияны Неміс машинақұрылысшылары одағының (VDMA) президенті доктор Райнхольд Фестге қабылдады, деп ЕЭК ресми сайты хабарлады. Аталмыш кездесуде ЕЭК өкілдері Кедендік одақтың ауыл шаруашылық машинақұрылысы өндірушілерінің және әлеуетті қондырғылар үшін жеке компонеттерді өндіру бойынша Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі жетекші еуропалық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің кооперация болашағын талқылады.

Сонымен қатар, делегация жарық беруші технологиялардың және интеллектуалды ғимарат Light+Building-2014 халықаралық көрмесіне қатысты. Шара аясында іскерлік кездесулер өткізіліп, негізгі еуропалық жарықдиодтты техниканы өндірушілермен Қазақстан, Беларуссия және Ресейдегі дәл осындай компаниялармен жобаларды кооперация мүмкіндіктері қаралды.

Бұдан басқа, "Мессе Франкфурт Рус" көрме компаниясының бас директоры Ойген Аллесоммен келіссөздер жүргізілді. Онда КО пен БЭК тауар өндірушілердің халықаралық нарыққы шығуына және шығарылып жатқан тауарға сұранысты арттыру бойынша жаңа сегменттерді анықтауда көмек қолын созу мәселелері талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны