03.04.2014, 20:57 3095

ЕЭК кеңесі Еуразиялық экономикалық кеңес туралы жобаның Келісімін талқылады

Отырыста Еуразиялық экономикалық кеңес туралы жобаның Келісімі талқыланды. Ол интеграцияның одан әрі дамуы мен бағытына арналды, деп ЕЭК ресми порталы хабарлады.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. 27-28 наурыз күні Мәскеуде Еуразиялық экономикалық кеңес комиссиясының отырысы өтті. Шараға ЕЭК кеңесінің мүшелері, Кедендік одақ елдерінің вице-премьерлері қатысты, яғни Беларусь - Сергей Румас, Қазақстан Республикасы - Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясы - Игорь Шувалов.

Отырыста Еуразиялық экономикалық кеңес туралы жобаның Келісімі талқыланды. Ол интеграцияның одан әрі дамуы мен бағытына арналды, деп ЕЭК ресми порталы хабарлады.

Келісімнің мына бөліктері қарастырылды: сауда саясаты, техникалық реттеу, АӨК мен өнеркәсіп, табиғи монополиялар, көлік және энергетика, бәсекелестік пен мемлекеттік сатып алу, салықтар, валюталық саясат, қаржы нарығы зияткерлік меншік, еңбек көші-қон, макроэкономика және статистика.

Кездесу барысында тараптар Келісім бойынша жасалған істің маңыздылығын тілге тиек етті. Отырысқа қатысушылардың айтуынша, ЕЭКК Келісім шартының орнатылуы ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны