24.06.2014, 20:19 1492

ЕЭК Кеңесі отырысында ЕАЭО туралы келісім ережелерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Сочиде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. Сочиде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Күн тәртібінде еуразиялық интеграцияны одан әрі дамытудың әлдеқайда өзекті мәселелері қаралды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Нақты айтқанда, Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қосылуы туралы Келісім жобасы, Қырғыз Республикасының еуразиялық интеграциялық жобаға қосылуы бойынша алдағы жұмысының барысы, сондай-ақ а.ж. мамырында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы Келісімді жүзеге асыру бойынша алдағы жұмысы талқыланды.

Қабылданған шешімдер кезекті ретте интеграциялық бірлестіктің ашықтығын нақтылады.

Бұдан өзге, Кеңес отырысында ЕАЭО туралы Келісім ережелерін жүзеге асыруға бағытталған актілер әзірлеу бойынша бірлескен жұмыстың негізгі аспектілері, Кедендік одақ аясында ХЖТ Конвенциясын қолдану бойынша, сондай-ақ Астана қаласында ЭКСПО-2017 жобаларын іске асыру бойынша мәселелер талқыланды.

Жалпы, Кеңес мүшелерінің пікірінше, қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктегі елдердің өзара іс-қимылы әлеуетін одан әрі тиімді жүзеге асыруға бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны