11.07.2014, 20:19 2558

ЕЭК Ортақ электрэнергия нарығы тұжырымдамасынының жобасын ұсынды

Алматыда Ортақ электрэнергия нарығы тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған кеңес өтті. Оған Даниал Ахметов пен КО және ЕЭК елдерінің салалық министрлері қатысты.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Алматыда Ортақ электрэнергия нарығы тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған кеңес өтті. Оған Даниал Ахметов пен КО және ЕЭК елдерінің салалық министрлері қатысты.

Келелі кеңесте Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімдегі энергияға байланысты қағида қаралды. Атап айтатын болсақ, ЕАЭО ортақ электрэнергия нарығы тұжырымдамасын жасақтау, ЕАЭО мүше мемлекеттердің энергоресурстарының индикативті баланс әдістемесін құру, деп ЕЭК сайты жазады.

ЕАЭО мүше мемлекеттердің энергоресуртарының индикативті баланс әдістемесін құру жобасында индикативті балансты құрудың негізгі жолдары мен механизмдері анықталған.

Келелі кеңестің қорытындысы бойынша Даниал Ахметовтың қатысуымен брифинг өтті.

"2015 жылдың 1 шілдесінде Ортақ электрэнергия нарығы тұжырымдамасы үш мемлекет басшыларына бекіту үшін жіберілуі тиіс. Ал, 2016 жылдың 1 қаңтарында бізде бұл ортақ нарықты қалыптастыру бойынша арнайы бағдарлама болуы тиіс және 2019 жылы ортақ нарықты құру аяқталуы керек", - деді Д.Ахметов.

КО пен ЕЭК елдерінің энергетика саласындағы әлеуеті айтарлықтай жоғары. Жалпы, энергетикалық қуаттылықты пайдалану коэффиценті 52% құраса, мемлекетарасында бұл қуаттылықтың 20% ғана пайдаланылады.

"Жасыратыны жоқ, өндірістің қай саласы болмасын электр энергия пайдаланылады. Сондықтанда осы салада ортақ нарықты қалыптастыру ЕАЭО мүше мемлекеттерінің экономикасының негізгі катализаторы болуы тиіс", - деп Даниал Ахметов түйіндеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны