16.05.2014, 20:45 3165

ЕЭК техникалық реттеу санын 66-ға жеткізуді жоспарлауда - Т.Доскенов

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО аясында техникалық реттеулер санын 66-ға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшесі Талғат Доскенов мәлімдеді.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО аясында техникалық реттеулер санын 66-ға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшесі Талғат Доскенов мәлімдеді.

"Комиссия бүгінге дейін 34 техникалық реттеу қабылдап, оның санын болашақта 66-ға дейін жеткізбекші. Ал Еуропалық одақта бар болғаны тек 20 техникалық реттеу бар. Осы тұрғыда біз қазіргі таңда техникалық реттеулер санының артықтығын көріп отырмыз", - деді ол.

Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілердің КО елдеріне экспорт шығара алмайтын жағдайлары да кездесіп жатыр.

"КО мен Ресей сертификаттарымен сәйкстендіруден бөлек Ресейге тауар тасымалдау компанияларымен байланысты бірқатар мәселелер де бар. Қосымша тағы бірқатар процедуралардан өту керек. Атап айтар болсақ ол тіркелу, бірыңғай энергетикалық жүйенің федералды желілік компанияларындағы құрылғыны сынау", - дейді Т.Доскенов.

Сонымен қатар, оның мәліметінше, құрылыс саласындағы мәселелер де әлі шешімін таппаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны