22.04.2014, 20:37 3107

ЕХИҚМ басшысы Қазақстандағы көші-қон саясатын жетілдіру жайы туралы айтты

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, шетелден оралған азаматтардың бейiмделуi мен ықпалдасуы үдерiсiн жеделдету, жұмыспен қамту мәселелерi шешу мақсаттарында оралмандарды еңбек ресурстары жеткiлiксiз болып отырған өңiрлерге тартуға әрекет жасау көзделуде.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында көші-қон заңнамалық актінің тұжырымдамасы туралы баяндады.

"Көші-қон туралы өткен жылы жаңа заң қабылдаған болатын. Сол заңға сәйкес егер де Қазақстанда оралмандарды қабылдайтын аймақтар бекiтiлiп, сол өңiрлерге азаматтар барған кезде оларға оралман мәртебесi берiлген. Ал, егер олар басқа аймақтарға баратын болса, "оралман" мәртебесi алынып тасталған болатын. Бүгiн үкiметте бiз бұл мәселенi қайта қарап, қазiр бiздiң қандастарымыз республиканың қайсы облысына баратын болса да, сол жерде оларға оралман мәртебесi берiлетiн болды",- дедi Т.Дүйсенова

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, шетелден оралған азаматтардың бейiмделуi мен ықпалдасуы үдерiсiн жеделдету, жұмыспен қамту мәселелерi шешу мақсаттарында оралмандарды еңбек ресурстары жеткiлiксiз болып отырған өңiрлерге тартуға әрекет жасау көзделуде.

"Жаңа заңымызда көрсетiлгендей, белгiлi бiр өңiрден басқа өңiрге көшсе, онда оралмандар шетел азаматтары сияқты өздерiнiң төлеу қабiлеттiлiгiн дәлелдеп, содан кейiн уақытша тұруға мүмкiндiк алатын едi. Қазiр мақұлданған шешiмге байланысты азаматтар, этникалық қазақтар, өзiнiң төлеу қабiлеттiлiгi жөнiнде еш дәлелдеме талап етілмейді, елiмiздiң азаматтығын алу үшiн үлкен тосқауылдар болмайды", - деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, анықтаған еңбек ресурстары жетiспейтiн өңiрлерге баратын болса, онда ол азаматтарға қосымша әлеуметтік пакет берiлетiн болады.

2014 жылға квота 0,7 % есебінде немесе 63 мың теңге қарастырылған. 2014 жылдың 1 наурызындағы көрсеткіш бойынша 21,7 мың рұқсат етілім шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған. Олар: 1,8 мың бірлік - бірінші категория, екінші категория - 5,0 мың, үшінші категория - 10,3 мың, төртінші категория - 4,3 мың және мерзімдік жұмыскерлер 0,3 мыңды құрайды.

Жалпы, Қазақстан Республикасының адам саны 2014 жылдың басындағы көрсеткішті алғанда 17 165,2 мың адамды құрайды. Оның қалалық шоғырлануы - 9 450,1 мың адам, ауылдық тұрғындар 7 715 мың адамға тиесілі. Елдің экономикалық белсенділігі 9 041,3 мың адам, өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар саны 29 пайыз, жұмыссыздар саны -5,2 пайызды құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны