11.04.2014, 19:37 2496

"Эйр Астана" ЕО елдеріне ұшу географиясы мен ұшу жиілігін кеңейтеді

Ұшу қауіпсіздігі бойынша Еуропалық комиссияға мүше 28 ел қазақстандық "Эйр Астана" әуе компаниясынан Еуропалық одақ елдеріне ұшу географиясы мен ұшу жиілігін кеңейтуге рұқсат бермейтін шектеулерді алып тастауға бірауыздан дауыс берді.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. Ұшу қауіпсіздігі бойынша Еуропалық комиссияға мүше 28 ел қазақстандық "Эйр Астана" әуе компаниясынан Еуропалық одақ елдеріне ұшу географиясы мен ұшу жиілігін кеңейтуге рұқсат бермейтін шектеулерді алып тастауға бірауыздан дауыс берді.

Сәйкес құжатты Еуропалық комиссияның басшылығынан бүгін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі қабылдады, деп ККМ хабарлады.

2009 жылы табылған ескертулерін жою аясында Еуропалық Комиссияның ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар жөніндегі Көліккоминнің есебі ағымдағы жылы 25 наурызда Брюссель қаласында Еуропалық Комиссияның кезекті отырысында тыңдалғанын еске саламыз.

ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров: "Соңғы жылдары ККМ Еуропалық комиссиямен тығыз байланыста жұмыс жасаған болатын. Ол үшін министрлік Еуропалық комиссиямен және "Эйр Астана"-менбірігіп стратегияны әзірлеген болатын, біз оны қолданудамыз. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды оқиға, себебі "Эйр Астана"-дан шектеулерді алу үшін Еуроодаққа мүше елдердің барлығының және Еуропалық парламенттің келісімі қажет болатын. Біз бұған көп уақыт бойы жетуде болғанбыз, сонымен бірге үлкен жетістік және ККМ мен әуе компанияның нәтижелерін тану деп санаймыз. Бірақ біз жұмысты тоқтатпаймыз, әрі қарай Еуропалық комиссиямен біздің әуе компаниялардың қызметін кеңейту бойынша ынтымақтастықты жалғастырамыз. Биылғы қарашада Еуропалық комиссияда ККМ атқарылған жұмысы бойынша тыңдау өтеді. Ирине шектеулерді алып тастау қазақстандық авиацияның дамуына оң әсерін тигізеді, және де біздің азаматтар Еуропа елдеріне отандық тасымалдаушылардың ұшақтарында ұшу мүмкіндігіне ие болуы қуантып отыр",- деп атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны