18.07.2014, 19:28 3194

"Эйр Астана" Malaysia airlines ұшағының апатқа ұшырауына орай ұшу кестесі мен бағыттарына өзгерістер енгізеді

Киевке алдағы уақытқа брондап қойған жолаушылар өз агенттеріне немесе "Эйр Астана" кеңсесіне хабарласып, төлеген ақшаларын толықтай қайтарып алауына немесе ешқандай да айыппұлсыз өзге күнге алмастыра алады.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. "Эйр Астана" әуе компаниясы Malaysia airlines ұшағының апатқа ұшырауына орай ұшу кестесі мен бағыттарына өзгерістер енгізетінін хабарлады.

"Эйр Астаны" Батыс Еуропаға жасайтын барлық рейстерінің ішінде тек Атырау-Амстердам-Атырау рейсі ғана Украина аумағынан өтетін. Енді ол Украина аумағынан айналып өтетіндей етіп өзгертілді. Сонымен қатар "Эйр Астана" Астанадан Киевке ұшатын рейсті алып тастады. Ал Алматы-Киев-Алматы бағыты түзетіліп, негізінен Ресей аспанымен қатынайтын болады. РФ әуе билігінің мақұлдауынан кейін ғана Алматы мен Киев арасындағы рейстер аптасына бес рет емес, енді аптасына үш рет болатындай етіп өзгертіледі. Бүгінде Алматы-Киев-Алматы КС 401/402 рейсі алынып тасталды", - делінген хабарламада.

Киевке алдағы уақытқа брондап қойған жолаушылар өз агенттеріне немесе "Эйр Астана" кеңсесіне хабарласып, төлеген ақшаларын толықтай қайтарып алауына немесе ешқандай да айыппұлсыз өзге күнге алмастыра алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны