25.09.2008, 19:00 3584

Екі жақты Қазақстан-Беларусь экономикалық қарым-қатынастары толық көлемде пайдаланылмаған үлкен әлеуетке ие - Кәрім Мәсімов

Екі жақты Қазақстан-Беларусь экономикалық қарым-қатынастары толық көлемде пайдаланылмаған үлкен әлеуетке ие - Кәрім Мәсімов

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Беларусь Республикасы премьер-министрінің орынбасары Иван Бамбизамен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екі жақты Қазақстан-Беларусь экономикалық қарым-қатынастары менің көзқарасымша, толық көлемде пайдаланылмаған үлкен әлеуетке ие", деп атап өтті К. Мәсімов сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарқынды дамыту мәселесін талқылай келе.

Тараптар екі жақты ынтымақтастық перспективасын талқылады және экономиканың әр түрлі саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруда тауар айналымы операциясынан бастап, Қазақстан мен Беларусь өзара экономикалық қарым-қатынастарына сапалы өтуге назар аударды.

И. Бамбиза ҚР премьер-министрін бүгін Астанада басталған үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының барысынан хабардар етті. Ол комиссия 2016 жылға дейінгі ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісімді әзірлеуге және оны іске асыру жөніндегі 2 жылдық іс-шаралар жоспарына кіріскендігін мәлімдеді.

Кездесу соңында премьер-министр Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы үкіметтерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде сауда-экономикалық, ғылыми-зерттеу және мәдени саладағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуы үшін барлық жағдай жасалғанына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны