09.01.2014, 20:37 3502

Екібастұз полицейлеріне қызметтік көлік берілді

Екібастұз тәртіп сақшыларына үш бірдей қызметтік көлік берілді, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Екібастұз тәртіп сақшыларына үш бірдей қызметтік көлік берілді, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Отандық жаңа "УАЗ" машиналары бейнебақылау камераларымен, GPS-навигация жүйелерімен және заманауи байланыс құрылғыларымен жабдықталған", - делінген хабарламада.

Бір машина полицияның № 12 учаскелік пунктіне берілсе, екіншісі қылмыстық полицияның мал ұрлығын ашу жөніндегі тобына, үшіншісі жол-патрульдік полицияға үлестірілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны