23.07.2008, 15:25 2604

Екібастұзда қалалық соттың судьясы пара алғаны үшін бір жылға абақтыға жіберілді - телеарна

Екібастұзда қалалық соттың судьясы пара алғаны үшін бір жылға абақтыға жіберілді - телеарна

Павлодар. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұзда қалалық соттың судьясы сотталғаннан пара алғаны үшін бір жылға сотталып, жазасын жалпы тәртіпті абақтыда өтейтін болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Ирбис" телеарнасына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Екібастұз қалалық сотының судьясы Болатжан Акбербаев өзінің қызмет бабын пайдаланып сотталушылдан ірі көлемде пара алғаны үшін айыпты деп танылды.

Сондай-ақ, Павлодар облыстық сотының төрағасы Ермек Серекбаевтың баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, таяуда Ақсу қалалық сотының судьясы Нұрлан Байтөренов қызметінен босталды. Ол "әділеттілік орнатуға кәсіптік тұрғыда лайықты емес" деп танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны