05.07.2008, 16:09 3029

Екібастұзда "Калмыковтар" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісіне қатысты сот басталды

Екібастұзда "Калмыковтар" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісіне қатысты сот басталды

Павлодар. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұз қалалық сотында "Калмыковтар" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісіне қатысты атышулы іс бойынша сот процессі басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Журналистерге мемлекеттік айыптау өкілі - Павлодар облыстық прокуратурасының тергеуді бақылау және анықтау басқармасының прокуроры Рүстем Есенов хабарлағандай, сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айыпталып отыр. Атап айтқанда, РФ Қалмақ Автономиясында туған 25 жастағы Анвар Рысаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 1-тармағында (Алаяқтық) және 259-баптың 2-тармағының "б" тармақшасында (Сату мақсатында аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау) қарастырылған қылмыстарды жасады деп айып тағылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны