23.01.2008, 19:10 2848

Екібастұзда пара алғаны үшін қалалық әділет басқармасының бөлім бастығы тұтқындалды

Екібастұзда пара алғаны үшін қалалық әділет басқармасының бөлім бастығы тұтқындалды

Павлодар. 23-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұзда пара алу кезінде қалалық әділет басқармасының бөлім бастығы тұтқындалды. Бұл туралы тілшілерге бүгін Павлодар облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Мекеменің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, күдікті Екібастұз қаласының бір тұрғыны қаржы полициясына шағымданғаннан кейін тұтқындалған. "Шағымданушы халықтың құжатын бекіту және тіркеу бөлімінің бастығы паспортты жедел рәсімдеп бергені үшін одан 10 мың теңге талап етті, деп арыз жазған", - деді департаменттің баспасөз хатшысы Найля Бекжанова.

Күдікті 21-қаңтар күні жедел шаралар қолдану барысында қылмыс үстінде қолға түсті. 41 жасар Экібастұз қалалық әділет басқармасының халықтың құжатын бекіту және тіркеу бөлімінің бастығына қатысты қаржы полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабы 2 тармағына сәйкес (Лауазымды тұлғаның пара алуы) қылмыстық іс қозғады. "Егер сот оны толығымен кінәлі деп тапса, онда оған 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданады", - деп атап көрсетті департаменттің баспасөз қызметі.

Бұл соңғы күндері сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тұтқындаған Павлодар облысында орын алған үшінші оқиға болып табылады.

Бұрын хабарлағанымыздай, бір апта бұрын сот әкімшілігінің Екібастұз аумақтық бөлімінің қызметкері бопсалағаны үшін уақытша тергеу изоляторына қамалған болатын. Күдікті жәбірленушіден қала кәсіпорындарының бірінен қарызын тез арада алдырып беруі үшін 250 мың теңге сұраған. Арада бірнеше күн өткен соң 18-қаңтарда 100 мың теңге пара алғаны үшін Павлодар қаласының Солтүстік ішкі істер органының екі қызметкері тұтқындалған еді. Тергеушілер қарулы бұзақылық дерегі бойынша оң шешім шығарып беруі үшін осынша ақша талап еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны