14.01.2010, 17:01 2715

Екібастұзда тәртіп сақшылары арбамен жүретін мүгедектен аса ірі көлемдегі есірткі мен қару тауып тәркіледі

Екібастұзда тәртіп сақшылары арбамен жүретін мүгедектен аса ірі көлемдегі есірткі мен қару тауып тәркіледі

Павлодар. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Екібастұзда тәртіп сақшылары арбамен жүретін мүгедектен аса ірі көлемдегі есірткі мен қару тауып тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Екібастұз тұрғыны 4 пакет гашишпен ұсталды. Анықтау кезінде оперативтік қызметкерлер есірткінің 50 жастағы қала тұрғынынан сатып алғанын анықтады.

"Көрсетілген мекенжайдан оперативтік қызметкерлер 50 жастағы ер адамды тапты. Оның пәтерінен калибрі 9 миллиметрлік ИЖ-71 тапаншасы мен оның 7 оғын анықтады. Үйдің жертөлесі мен гараждан оперативтік қызметкерлер сұрғылт-жасыл түсті заттар салынған дорбалар партиясын тапты, олардың жалпы салмағы 40 килограмм болған. Сараптама оның гашиш екенін көрсетті. Сондай-ақ, күдіктінің пәтерінен 440 мың теңге табылды", - дейді ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзумова.

"Бұған қоса оның танысы - тепловоз машинисінің гаражынан 2 килограммға дуық гашиш пен 566 грамм марихуана табылды. Қылмыстық іс қозғалды. 36 және 41 жастағы күдіктілер тергеу абақтысына қамалды. Мүгедек күзетке алынды", - деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны