17.04.2014, 19:51 4852

"Е-қызмет" жүйесі шетелдік баламаларынан 15 есеге дейін арзан болады - И.Бәйменов

Персоналды басқару "е-қызмет" жүйесін жүзеге асыру үшін 10 млн долларға жуық қаражат бөлінді, деп Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Илихан Бәйменов мәлім етті.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan today. Персоналды басқару "е-қызмет" жүйесін жүзеге асыру үшін 10 млн долларға жуық қаражат бөлінді, деп Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Илихан Бәйменов мәлім етті.

"Қазақстан адами ресурстарды басқару бойынша халықаралық тәжірибелерді жіті зерттеп келеді. Біз Кореяның, Австрияның, Ұлыбританияның, Голландияның тәжірибесімен танысып оны кезең-кезеңімен өзімізде енгізудеміз. Біз үшін басты міндет - мемлекеттік қызметкерлер ресурстарын басқаруда ақпараттық технологияларды пайдалануды енгізу. Бұл салада Нидерланды көш бастап тұр. Біздің мамандарымыз Нидерландыға барып, олардың мамандарымен кездесіп тәжірибе алмасты. Шетелдік мемлекеттердің тәжірибесімен салыстыратын болсақ біздің "е-қызмет" жүйеміз 13 -14 есе арзан болады. Алғашқы мәліметтер бойынша жобаны жүзеге асыруда 3-4 жыл ішінде шығын 10 млн. долларды құрайды", - деді И.Бәйменов.

Сонымен қатар ол, "Қазақстанда "е-қызмет" ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс 3 жыл бұрын басталып, бүгінде аяқталуға таяп қалды", деп ағынан жарылды.

Сонымен, аталмыш жүйені 2015 жылдан бастап пилоттық режимде енгізу көзделуде. Осы ретте агенттік басшысы атап өткендей, Нидерландыда персоналды басқару орталық аппаратта жүргізілсе, бізде ол Президент әкімшілігінен бастап ауыл әкімдіктеріне дейін қамтитын болады.

""Е-қызмет" жүйесінің жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың кадр қызметіне халықаралық тәжірибеге сәйкес кадр қызметінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұжымды басқаруда уақыт шығынын азайтады. Біздің міндетіміз аудандық деңгейден бастап "е-қызметті" енгізгенге дейін ұжымды басқару қызметтерін тиімді жұмыс істеуге және артылған уақытты мемлекеттік қызметкердің қызметін бағалау мен мамандарды қабылдауға және оларды көтеру мәселеріне көбірек араласуға дайындау", - деп Агенттік басшысы ағынан жарылды.

Өз кезегінде P-Direct мемлекеттік компаниясы президенті Сильвия Бронманс, қазақстандық жоба жетекшілеріне кезінде жобаны жүзеге асыруда кеткен қателіктердің барлығын зерттеп шыққаны жөн. Себебі, бір қарағанда оңай болып көрінгенімен бұл оңай шаруа емес, деп атап өтті.

Жобаны іске асыруға Нидерландыда 100 млн. еуро бөлінді.

Сонымен қатар ол, олардың мемлекеттік қызметінде әр мемқызметкерге арналған персоналды электронды файл, деп мәлім етті. Онда маманның білімі, тәжірибесі, қызметте көтерілуі және басқа да мәліметтер болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны