Система Orphus

Экология министрлігі мен БҰҰДБ елімізде климатты қорғау бойынша жобаны іске асырудың бірлескен жоспары жөнінде жариялады

14.02.2020, 15:59 5320

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Экология министрлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) және Bitfury Group компаниясы елімізде климатты қорғау бойынша жобаны іске асырудың бірлескен жоспары жөнінде жариялады.

Бүгінгі таңда ормандар алаңын ұлғайту арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша бірлескен жоба әзірленуде.

Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстандағы орман көміртегінің жалпы көлемі 718,3 млн.тоннадан астам СО2 баламасына бағаланады. Орман жамылғысының 4,6%-дан 5%-ға дейін артуы көміртекті ормандармен сіңіруді жылына қосымша CO2 баламасында 2,9 млн.тоннаға дейін арттыруға көмектеседі. Көміртегі үшін олардың мәнімен қатар, сау ормандар су ресурстарын реттеуді, биоәртүрлілікті, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен экотуризм сияқты азық-түлік пен басқа да пайданы қоса алғанда негізгі қызметтер көрсетеді.

Айта кету керек, Қазақстан 2016 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімін ратификациялап, жеке сектордың қатысуымен инновациялық шешімдерді жұмылдыру арқылы 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқартуға міндеттелді.

"Бүгінде Қазақстандағы ауаның негізгі ластаушылары көлік және энергетика салалары болып табылады. Жыл сайын экожүйеге түсетін жүктеме өсуде, табиғи көміртекті сіңіргішсіз, яғни ормандарсыз, парниктік газдардың шоғырлануы тек өсе түседі де, Париж келісімінің мақсаттарына жету мүмкін болмайды", - деді Экология министрі М.Мырзағалиев.

"Мұндай жағдайда мемлекеттің күш-жігерінен бөлек, жеке сектордың қолдауы мен экологиялық жауапкершілігі өте маңызды. Сондықтан біз Bitfury-дің климатты қорғау саласындағы бастамасын қолдаймыз", - деп атап өтті ол.

Bitfury - климаттың өзгеру мәселелерін және әлемдегі басқа да экологиялық мәселелерді шешумен айналысатын жаңа технологиялар саласындағы жетекші компания.

"Біз ғаламшарымызды қорғау үшін орнықты даму мақсаттарын толық қолдаймыз және Қазақстанның парниктік газдардың шығарындыларын бейтараптандыру үшін өтемақы тетіктерін құру жөніндегі ұлттық бастамашылығымен шабыттандық", - деді Қазақстандағы Bitfury Ғаламдық кеңсесі әкімшілігінің басшысы Вадим Крутов.

"Мен Қазақстан ормандарын қолдау және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі бірлескен күш-жігерімізді асыға күтемін", - деп атап өтті ол.

БҰҰДБ жаңа экологиялық кодекстің жобасы үшін бірнеше заңнамалық ұсыныстар әзірледі. Бұл ормандарды бағалаудың жаңа әдіснамасын, сондай-ақ БҰҰ-ның климаттық келісімдеріне сәйкес Қазақстандағы көміртегі шығарындылары жөніндегі жобаларды әзірлеу мен іске асыруды қамтиды.

"Болашақта біз Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіруге және табиғатты пайдалануды басқару үшін жаңа қаржылық шешімдермен бөлісуге ықпал етуді жалғастырамыз. Бұл күн тәртібіндегі жеке сектордың рөлін арттыру мен қызығушылығын тарту үшін басты фактор болып табылады", - деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды. Серіктестер Қазақстанда орман алқаптарын ұлғайту және орман пайдалану практикасын жетілдіру, сондай-ақ климаттың өзгеруі туралы жұртшылықтың хабардар болуын күшейту есебінен парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жұмыс істейтін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны