15.05.2009, 13:58 1661

Экономиканы әртараптандыру - жалпыұлттық идеяға да, барлық билік органдары үшін нақты басымдыққа әлі де айнала алмай отыр - мемлекет басшысы

Экономиканы әртараптандыру - жалпыұлттық идеяға да, барлық билік органдары үшін нақты басымдыққа әлі де айнала алмай отыр - мемлекет басшысы

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Экономиканы әртараптандыру - жалпыұлттық идеяға да, барлық билік органдары үшін нақты басымдыққа әлі де айнала алмай отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Экономиканы әртараптандыру - жалпыұлттық идеяға да, барлық билік органдары үшін нақты басымдыққа да әлі де айнала алмай отыр ", - деді Н. Назарбаев

"Илемдік дағдарыс біздікі секілді экономиканың осал тұсын тағы бір мәрте ашып көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі әлі де төмен күйінде қалып отыр, ғылымды дамыту мен ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияларды енгізу қарқыны әлі де баяу", - деді президент.

"Оның үш себебін бөліп көрсетуге болады: біріншіден, өңдеу өнеркәсібінде сыртқы инвестицияларға үміт арту әлі де еңсерілген жоқ, екіншіден, үкімет әңгімені көп айтқанымен, қолайлы бизнес-ахуалды қамтамасыз ету, еліміздің кәсіпкерлері үшін негізгі өндірістік факторларға қол жеткізу мүмкігдігін тудыру жұмыстарын аяғына жеткізе алмады, тіпті еркін экономикалық аймақтар үшін де басқа елдердегідей жағдай жасалған жоқ, осының бәрін тек менің тікелей қысымым арқылы ғана жүзеге асырып отыруға тура келді", - деді президент.

Және үшінші себеп, оның пікірінше, "мемлекеттік аппараттың өз жұмысын тиімсіз жолға қоюында, министрліктер мен бизнестің арасындағы ықпалдастықтың әлсіздігінде" жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны