05.10.2012, 11:09 3523

Экс-депутат Аманжан Рысқалиға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Біз іздестірудеміз, және оны табу үшін барлық шараларды атқарып жатырмыз. Мәселе тек тұтқындауына рұқсат берілген бұрынғы Мәжіліс депутаты жөнінде ғана емес. Барлық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр және тергеу мүддесі үшін басқа сұрақтарға жауап бере алмаймын. Бергей Рысқалиев жауап алу үшін шақырылыған жоқ. Біз бұл ақпаратты жоққа шығармаймыз, оны растамаймыз да. Бұл ақпаратты біз тексеріп жатырмыз", - деп мәлімдеді Лукин.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today - Экс-депутат Аманжан Рысқалиға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин хабарлады.

"Біз іздестірудеміз, және оны табу үшін барлық шараларды атқарып жатырмыз. Мәселе тек тұтқындауына рұқсат берілген бұрынғы Мәжіліс депутаты жөнінде ғана емес. Барлық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр және тергеу мүддесі үшін басқа сұрақтарға жауап бере алмаймын. Бергей Рысқалиев жауап алу үшін шақырылыған жоқ. Біз бұл ақпаратты жоққа шығармаймыз, оны растамаймыз да. Бұл ақпаратты біз тексеріп жатырмыз", - деп мәлімдеді Лукин.

Еске сала кетсек, 2012 жылғы 27 қыркүйек күні Қаржы полициясы агенттігінің тергеу-жедел тобы алаяқтық жолмен Атырау қаласындағы "AB-Group" ЖШС салған тұрғын үйдегі 9 пәтерді иемдену фактісі бойынша Аманжан Рысқалиға қатысты қылмыстық іс қозғады. Нәтижесінде аталмыш құрылыс компаниясы 200 млн теңге шығынға ұшырады. Экс-депутатқа іздеу жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны