26.06.2017, 16:23 2992

"ЭКСПО-2017": Ақмола облысыныӊ мәдениет күндері шеӊберінде бірқатар бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізілді

2017 жылдыӊ 22-25 маусымы аралығында Астана қаласындағы "Қазанат" ипподромында және этноауылында қазақ күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, көкпар, жамбы ату, теӊге iлу, аударыспақ секілді спорттыӊ 8 түрiнен жарыстар болып өттi.

Көкшетау. 26 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 22-25 маусымы аралығында Астана қаласындағы "Қазанат" ипподромында және этноауылында қазақ күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, көкпар, жамбы ату, теӊге iлу, аударыспақ секілді спорттыӊ 8 түрiнен жарыстар болып өттi.

Жарыстарға Ақмола облысыныӊ 14 ауданы мен 2 қаласынан 500-ден артық адамныӊ және 100 аттыӊ қамтылуымен командалар қатысты.

Этноауылда аӊшы құстар мен қазақтыӊ тазы және төбет иттерiнiӊ көрсетiлiмi болды.

Көрермендердiӊ саны 5000 адамды құрады.

Жарыстардыӊ соӊғы күнi 25 маусымда 15000 м қашықтыққа топ бәйге өткiзiлдi. Ат жарысына Қазақстанныӊ 7 өӊiрiнен 35 сәйгүлiк додаға түстi. Жарыстыӊ жеӊiмпаздары мен жүлдегерлерi ақшалай жүлделермен, дипломдармен және кубоктермен марапатталды. Жүлделердiӊ құрылтайшылары болып Ақмола облысыныӊ әкiмдiгi мен Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлiгi атсалысты. Топ бәйгедегi жалпы жүлде қоры 15 млн. теӊгенi құрады:

1 орын - 7 млн. теӊге (жеӊiмпаз - Алматы облысынан Ақжол Жұматай, "Босмойын" сәйгүлiгiмен)

2 орын - 4 млн. теӊге (Тұрсынәли Ерқұт - ШҚО - "Ғашық" атты тұлпарда)

3 орын - 2 млн. теӊге (Ризаев Даниял Ақмола облысынан, "Варпед" атымен)

4 орын - 1,5 млн. теӊге (ШҚО тумасы Айдаралы Нұрболат, "Айтұмар").

5 орын - 500 мыӊ теӊге (Застежко Кирилл, Қостанай облысынан "Сава" атты сәйгүлiкпен).

Теӊге iлуден үздiктер болып Аршалы ауданынан келген Мұсабек Мерген және Целиноград ауданынан Макулов Рүстем атанды.

Жамбы атудан Атбасар ауданыныӊ тумасы Бiләлов Руслан мен Ерейментау ауданыныӊ өкiлi Ризахан Бауыржан құралайды көзге атқан мерген болып танылды.

Ир түрлi салмақ дәрежелерiнде аударыспақтан ат үстiнде нық отыру шеберлiгi мен бiлек күшiн Ерейментау ауданынан Босов Нарбота мен Амангелдинов Абылайхан және Ақкөл ауданынан Сағидолла Жандос пен Күренбаев Жандос айқын түрде көрсеттi.

Көкпар додасында Аршалы және Ерейментау ауданыныӊ командалары жеӊiмпаз атанды.

Қорғалжын және Атбасар аудандарыныӊ тазы иттерi үздiк жылдамдықтарын көрсете бiлдi.

Қазақ төбеттерiнiӊ өкiлдерi арасында тұқым және ерiк-жiгерлiк қасиеттерiн анықтау мақсатында көрме ұйымдастырылды. Бұнда Сандықтау ауданыныӊ және Көкшетау қаласыныӊ төбеттерi үздiк болып танылды.

Ерлер арасында тоғызқұмалақ зияткерлiк ойыны бойынша Көкшетау қаласынан Сәбитов Абай және Целиноград ауданынан Танқаев Илiшер жеӊiс тұғырынан көрiндi. Нәзiк жандылар арасында жеӊiс Бурабай ауданыныӊ өкiлi Қаппасова Томирис пен Жақсы ауданынан келген ойыншы Айгерiм Қайролловаға бұйырды.

Асық атудан Зерендi ауданынан Бейбiт Есполат және Жарқайыӊ ауданынан Амангелдi Ернұр чемпион атанды.

Қыздар ғана қатысқан бес асық ойынында Көкшетаулық Усманова Құрсанай мен Зерендi ауданынан келген Балтабекова Айдана атты ойыншы үздiк болып танылды.

Қазақ күресiнен келесiдей палуандар көрермендердiӊ риза қылды:

-Есiл ауданынан Бақытхан Жанат пен Ақкөл ауданынан Сарымсақов Темiрхан 60 келiге дейiнгi салмақ дәрежесiнде;

-74 кг-ға дейiнгi салмақ дәрежесiнде Көкшетаудық Гасанов Азат және Ақкөл ауданыныӊ Гильмиденов Ержан атты палуаны;

-Көкшелiк Зынданұлы Рустам мен Сандықтау ауданынан Темiрханов Данияр 74 кг-нан артық салмақ дәрежесiнде

Iс-шара өткiзу кезеӊiнде күн сайын бейнетүсiрiлiм жасалып, бейнероликтер түсiрiлiп, кейiн әлеуметтiк желiлерге таратылып отырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны