06.09.2017, 19:10 4548

ЭКСПО-2017 алықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Біріккен Араб Имірліктерініӊ Ұлттық күні атап өтілді

Бүгін ЭКСПО-2017 алықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Біріккен Араб Имірліктерініӊ Ұлттық күні атап өтілді. Мемлекет жаӊартылатын энергия көздері саласындағы бірқатар жобаларды қолдау және қаржыландыру арқылы тәжірибесімен бөлісті.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ЭКСПО-2017 алықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Біріккен Араб Имірліктерініӊ Ұлттық күні атап өтілді. Мемлекет жаӊартылатын энергия көздері саласындағы бірқатар жобаларды қолдау және қаржыландыру арқылы тәжірибесімен бөлісті. Бұл тұрғыда мемлекеттіӊ Тынық мұхит Серіктестік Қоры, Абу-Даби даму қоры және Жаӊартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттікпен (IRENA) ынтымақтастығы БАИ-ніӊ халықаралық деӊгейдегі беделін және экологиялық таза энергия саласындағы шешімдерді дайындаудағы үлесінкөрсетеді. Бұл туралы Ұлттық күнді мерекелеу барысында БАИ Ұлттық Бұқаралық ақпарат құралдары Кеӊесініӊ Бас директоры Мансур Аль Мансури мәлімдеді.

Жиынныӊ ресми бөлігінде сөз сөйлеген Мансура Аль Мансури Біріккен Араб Имірліктерініӊ ЭКСПО-2017 Көрмесіне қатысуы болашақ энергетика саласын қалыптастырудағы, сондай-ақ "Болашақ энергиясы" тақырыбындағы өзге елдердіӊ озық тәжірибелерін, негізгі тенденциялары мен технологияларын зерттеу саласындағы елдіӊ үлесін көрсетуге бірегей мүмкіндік бергендігін атап өтті.

"ЭКСПО-2017 Көрмесі жаӊартылатын энергияны, жасыл экономиканы дамыту маӊыздылығын сондай-ақ аталған бағыт бойынша жаӊа технологияларды енгізу қажеттілігін көрсетті. Бұл баламалы энергия көздеріне ерекше көӊіл бөлінген БАИ-ніӊ энергетикалық ресурстарды әртүрлендіру бойынша стратегиясында көрініс тапты. Аталған стратегия күн, су және жел сияқты энергия көздерініӊ қолайлы балансын құруға бағытталған. Атқарылған жұмыс нәтижесінде Жаӊартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігініӊ штаб-пәтеріБАИ астанасы Абу-Дабида құрылды", - деп қорытындылады Мансура Аль Мансури.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрініӊ орынбасары Тимур Тоқабаев ЭКСПО-2017 Көрмесі жасыл технолоргиялар, мәдениетті дамыту және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы жетістіктерді ұсыну үшін тамаша мүмкіндік екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Тимур Тоқабаев екі ел 25 жыл арлығында энергетика саласы және басқа да көптеген бағыттар бойынша өзара тығыз қарым-қатынас орнатқанын ескеріп өтті. Соӊғы жылдары екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді.

"Халықаралық қаржы орталығын ЭКСПО аумағында құру барысында Дубайдыӊ тәжірибесі өте маӊызды болды. Нәтижесінде Біріккен Араб Имірліктері инвесторлары үшін де жаӊа мүмкіндіктерге жол ашылады және БАИ азаматтары үшін қолданыстағы визасыз режим барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға ықпалын тигізеді",- деді Тимур Тоқабаев.

Біріккен Араб Имірліктері дамыған елдер қатарындағы Германия, Франция, АҚШ және Австралиямен бірге Жаӊартылатын энергия көздері жөніндегі кеӊеске мүше. БАИ Ұлттық павильоны климатты бақылау саласындағы шешімдерді және энергетика саласындағы негізгі жаһандық бастамаларды ұсынады. Сондай-ақ болашақта ұлттыӊ дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін бірқатар зерттеу жобалары мен жоспарлары көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны