05.06.2014, 19:43 5028

"ЭКСПО-2017" арналған жел электр станциясы 2014 жылы іске қосылады - Б.Бейсенғалиев

"Биыл жалпы қуаттылығы 45 МВт болатын Ерейментау жел электр станциясы пайдалануға беріледі, және 2017 жылы ол "ЭКСПО-2017" көрмесін электр энергиясымен қамтамасыз етеді", - деді Б.Бейсенғалиев.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. "Самұрық-Қазына" АҚ инвестициялық жобаларын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылы қуаттылығы 45 МВт болатын Ерейментау жел электр станциясын пайдалануға беру жоспарланған, ол "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін энергиямен қамтамасыз етеді, деп хабарлады бүгін ҰИҚ бизнесті дамыту бойынша бас директоры Берік Бейсенғалиев.

"Биыл жалпы қуаттылығы 45 МВт болатын Ерейментау жел электр станциясы пайдалануға беріледі, және 2017 жылы ол "ЭКСПО-2017" көрмесін электр энергиясымен қамтамасыз етеді", - деді Б.Бейсенғалиев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қордың жобалары аясында жалпы аумағы 135 мың шаршы метр болатын "жасыл орам" құрылысы жүргізілуде, нысанның жартысын тұрғын үй пәтерлері құрайды, қалған бөлігі коммерциялық алаңдарға беріледі, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

"Бұл нысандардың инновациялығы мен даралығы сол, олар инновациялық материалдармен салынады, онда климатты бақылау болады, ол ғимаратта ылғалдылықты, ауаның тазалығын автоматты түрде сақтайды, өзі реттелетін жылыту жүйесі бар. Жасыл алап, оның ішінде - шатырда, геотермалдық жылу сорғылары, күн энергиясынан жылыту және басқа да көптеген инновациялық элементтер болады", - деп басып айтты ол.

Бұдан өзге, ол химия және мұнай химиясы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында "Тараз" және "Атырау" еркін экономикалық аймақтар (ЕЭА) құрылғанын атап өтті. Бірінші ЕЭА аумағында 14 ірі жоба салынады, нақты айтқанда биыл натрий цианидін өндіру бойынша зауыт құрылысы басталды. Атырауда полиэтилен мен полипропилен өндірісі бойынша жобалар жүзеге асыру кезеңінде. Бас директор шығарылатын өнімдерді өткізу нарығы Қазақстан, Ресей, Қытай, ТМД елдері екенін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны