11.07.2016, 16:47 5123

"ЭКСПО-2017" атын жамылып ақша жинау фактілерін жою үшін "жедел желі" ұйымдастырылды

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтыӊ тапсырмасы бойынша Қоғаммен байланыс департаменті "ЭКСПО" атын жамылып заӊсыз ақша жинау фактілерін хабарлау үшін арнайы "жедел желі" іске қосты

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтыӊ тапсырмасы бойынша Қоғаммен байланыс департаменті "ЭКСПО" атын жамылып заӊсыз ақша жинау фактілерін хабарлау үшін арнайы "жедел желі" іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Барлық "қауіпті қоӊыраулар" міндетті түрде жылдам қаралып, сыбайлас жеимқорлық фактілері барлық мәселелер сәйкесінше өкілетті органдарға жолданатын болады.

Заӊсыз ақша жинау фактілерін хабарлау бойынша "жедел желі": 87023326521 телефонында және дәл осы нөмірде whatsapp жұмыс істейді. Сондай-ақ, [email protected] электрондық поштасына жіберуіӊізге болады.

Айта кету керек, үстіміздегі жылдыӊ 29 маусымында өӊірлермен жұмыс істеу мәселелеріне қатысты өткізілген кеӊейтілген кеӊес барысында Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов Халықаралық мамандандырылған көрмеге халықтан ақша жинау туралы әӊгімені жоққа шығарды.

"ЭКСПО тұрғындардан тікелей не жергілікті билік органдары арқылы, тіпті полиция қызметкерлері көмегімен ешқашан ақша жинаған емес. Оныӊ үстіне, жобаныӊ құны соӊғы айлар көлемінде 130 млрд теӊгеге қысқартылды" , - деді А.Есімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны